6 қараша, жексенбі, 2016 жыл
Соғыс және қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны пайдаланудан сақтаудың халықаралық күні.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2001 жылғы қарашаның 5-індегі 56/4 қарары бойынша атап өтіледі. Бұл шешімді қабылдауда БҰҰ қарулы қақтығыстардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсері ұзақ уақытқа дейін экожүйе мен табиғи ресурстарға зиянын тигізетінін негізге алды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
37 жыл бұрын (1979) азамат және II Дүниежүзілік соғыстарында қаза тапқан солтүстікқазақстандықтарды мәңгі есте қалдыру мақсатында Петропавл қаласының алаңында Революциялық және жауынгерлік даңқ мемориалы ашылды.
24 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Райымбек батыр көшесінің бойындағы зиратта атақты әнші Әміре Қашаубаевқа қойылған ескерткіш-құлпытастың ашылу салтанаты болды.
12 жыл бұрын (2004) Алматыдағы Орталық концерт залында атақты американдық дирижер Руберт Гуттердің жетекшілігімен Қазақ симфониялық оркестрінің орындауында «Америка киносының әуендері» концерті өтті.
12 жыл бұрын (2004) Таразда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жаһиттың 60 жылдық мерейтойына арналған қазақша күрестен кубок турнирі өтті.
7 жыл бұрын (2009) Алматыда «Өрлеу» жас балет әртістерінің театры ашылды. Театр А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 75 жылдығына орай ашылған.
ЕСІМДЕР
92 жыл бұрын (1924-1986) кескіндемеші, Қазақстанның Халық суретшісі, өнертану кандидаты, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Нағымбек Жемал-әд-Динұлы НҰРМҰХАМЕДОВ дүниеге келді.
92 жыл бұрын (1924-1996) Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген сауда қызметкері Сәкен Әбілғазыұлы САЛТЫБАЕВ дүниеге келді.
88 жыл бұрын (1928-1978) Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі Хасен АЛПЫСБАЕВ дүниеге келді.
86 жыл бұрын (1930-1994) инженер-гидротехник, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнертапқышы Әділбек Ізтілеуұлы ЖАНҒАРИН дүниеге келді.
202 жыл бұрын (1814-1894) бельгиялық дирижер, саксофонды және саксгорнды жасаушы өнертапқыш Адольф Антуан Жозеф САКС дүниеге келді.
165 жыл бұрын (1851-1902) журналист, Доу-Джонс индексін жасаушылардың бірі, «The Wall Street Journal» басылымның негізін қалаушы Чарльз ДОУ дүниеге келді.
80 жыл бұрын (1936-2003) кеңестік және молдаван кинорежиссері Эмиль Владимирович ЛОТЯНУ дүниеге келді.