Астанадағы Еңбекшілер көшесі Әлихан Бөкейхан даңғылы деп өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Еңбекшілер көшесі Әлихан Бөкейхан даңғылы деп өзгертілді

03.11.2016
Астанадағы Еңбекшілер көшесі Әлихан Бөкейхан даңғылы деп өзгертілді

Үкімет жанындағы онамастикалық комиссияның отырысында еліміздің біртуар тұлғаларына көше аттары берілді. Бұл туралы журналист Нұртөре Жүсіп өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

«Астанадағы Орынбор даңғылы – Мәңгілік ел даңғылы, №36-шы және Еңбекшілер көшесі біріктіріліп – Әлихан Бөкейхан даңғылы деп аталатын болды», - деп жазды Н.Жүсіп.

Оның айтуынша, Бұқар Жырауға, Нияз биге, Кенен Әзірбаевқа, Бейімбет Майлинге, Ханшайым Сүйінбикеге, Темірбек Жүргеновке, Сұлтанбек Қожановқа, Рабиға Есімжановаға, Сәкен Жүнісовке, Қайым Мұхамедхановқа бір-бір жаңа көше бұйырды.

Сондай-ақ, еліміздегі 91 теміржол станциясының атауы қазақшаланды. Үкімет жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысында Қазақстандағы бірқатар теміржол станцияларының атауы ұлттық сипатына оралды.

«Алма–Ата–1, Алма–Ата–2–нің орнына Алматы–1, Алматы–2 деп, Кустанай – Қостанай, Осакаровка – Сарыбел, Карьерная – Ортас, Семипалатинск – Семей, Талды–Курган – Талдықорған, Чимкент – Шымкент, Сары–агач – Сарыағаш, Джетісай – Жетісай, Джамбул – Тараз, Саксаульская – Сексеуіл, Казалинск – Қазалы, Джусалы – Жосалы, Тюратам – Төретам, Хор–хут – Қорқыт, Джалагаш – Жалағаш, Кзыл–Орда – Қызылорда, Соло–тобе – Сұлутөбе, Чиили – Шиелі, Тюмень–арык – Төменарық үлгісінде қайта жаңартылды. Жалпы станциялар бойынша 91 атау өзгертілді», – деп жазады журналист.

Хабарламаларға жазылу