Мәскеуде «Елім менің» атты қазақ тіліне, Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған олимпиада өтті. Сайысқа Ресейдің түкпір-түкпірінен іріктеліп алынған қандастарымыз бен қазақ тілін үйреніп жүрген ресейлік студенттер қатысты.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі мен консулдық мекемелері бірлесіп өткізген бұл шара Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналды. Толығырақ бүгін 17:30-да Нұртас Солтанұлының материалынан көре аласыздар.