Елордада Солтүстік Қазақстан өңірінің жәрмеңкесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Солтүстік Қазақстан өңірінің жәрмеңкесі өтуде

22.10.2016
Елордада Солтүстік Қазақстан өңірінің жәрмеңкесі өтуде

Елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Екі күнге созылатын жәрмеңке барысында елордалықтар аталған өңірден жеткізілген 740 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін қала базарларынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатып алуларына мүмкіндік бар.

ено

Солтүстіктен жеткізілген азық-түліктің қатарында ет және сүт өнімдері, балық, жеміс және көкөністер, шұжық өнімдері бар. Жалпы, елордаға 100-ден аса өнім түрлері жеткізілген.

Мұнан бөлек, елордалықтар Солтүстік Қазақстан мәдениеті мен өнерімен де танысуға мүмкіндік алып отыр. Мәселен, бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында СҚО-ның мұражайлық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Туған жердің тартылысы» көрмесі, сондай-ақ жергілікті суретшілердің «Өңір маржаны» көрме экспозициясы ұйымдастырылуда.

ьпрь

Ағашты оюлау, қайың қабығынан және киізден түрлі бұйымдар жасау сияқты қолданбалы өнер түрлерінен шеберлік дәрістері де өтіп жатыр. Ал Ұлттық кітапхананың көрме залында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың «Солтүстік Есіл өңірі - өрісі биік өлке» атты безендірілген кітаптар көрмесі өтуде.

тап

Кешкі сағат 17:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Солтүстік Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымдарының «Мағжан елінен-Елорда төріне» атты гала-концерті болады.

Хабарламаларға жазылу