19 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы деп жарияланды.
Осыған орай бүгін Ақорда фейсбуктегі ресми парақшасына астананы көшіру туралы видео жариялады. Онда Астанамыз жайлы тарих сәттер бейнеленген.
«Тура 19 жыл бұрын, 1997 жылы 20 қазанда Елбасы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлық шығарды. Осы датаға орай сіздердің назарларыңызға «Президенттің уақыт және өзі туралы ойлары» деректі фильмінен (2011 жылы ҚР Президентінің телерадиокешені түсірген) үзінді ұсынамыз. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев елорданы көшірудің себептері туралы айтады», делінген жазбада.