Головкин әлемдегі ең қорқынышты боксшы деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин әлемдегі ең қорқынышты боксшы деп танылды

16.10.2016
Головкин әлемдегі ең қорқынышты боксшы деп танылды

Round by Round Boxing порталы қарсыластарына үрей туғызатын ең қорқынышты үш боксшының тізімін жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл тосын тізімде қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр, оның қоржынында кәсіби рингтегі 36 жеңіс (33 КО) бар және ешқашан жеңіліп көрмеген. Екінші орынға портал журналистері ресейлік боксшы Сергей Ковалевты (30-0-1, 26 КО) қойған, ал үшінші орын - америкалық Теренс Кроуфордқа (29-0, 20 КО) тиесілі.

«Орта салмақтағы WBA, IBO, WBC және IBF белбеулері бар Головкин бокс әлеміндегі ең танымал есім. Ол ең қауіпті боксшы екенін дәлелдеді және тек қана үздіктермен жұдырықтасқысы келеді. Көптеген қарсыластар GGG-мен кездесуден қашып, атақтарынан бас тартады», - деп жазды басылым.

Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі аптада Геннадийдің жаттығуға оралатынын және желтоқсанда өтетін кездесуге дайындалатынын хабарлаған еді.

Хабарламаларға жазылу