Шарада Индустриаландыру бағдарламасының 2016 жылғы бірінші жартыжылдығы қорытындыланады. Оның аясында Президент жеңіл өнеркәсіп, машина құрау, тау-кен мен ағаш өңдеу саласындағы жалпы сомасы 175 млрд теңгенің 30-ға жуық жобасын іске қосады.
Бұл кәсіпорындар еңбек нарығында 4 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы оның 6 нысанымен тікелей байланысқа шығып, зауыттардың жұмыс істеу технологиясымен танысады.