ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж) Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Kazpravda Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клуб федерациясы хатшылығына сілтеме жасап.
Қала әкімдігі көрмеге Алматы тарихынан сыр шертетін көне экспонаттарды арнайы дайындаған. Негізі Франция астанасында қазақстандықтар қала әкімдігі мен Тұңғыш Президент қоры қолдаған ЮНЕСКО-ның мұрындық болуымен өткен «Дети рисуют мир. Азия» атты жобаны таныстырды.
Азия мен Тынық мұхит елдері арасында 15 мемлекеттің 7000-нан астам жас суретшілері екі жыл бойы оңтүстік астананың келбетін қылқаламның көмегімен халық назарына ұсынды.
Сондай-ақ, көрермен назарына ҚР Тұңғыш Президенті қоры «Беймәлім Қазақстан» атты жобаны ұсынды. Фотокөрмеге қала тарихын бейнелейтін сирек кадрлар қойылған.