Қазақстанда 2017 жылдан бастап 48 мемлекетке визасыз тәртіп енгізілетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2017 жылдан бастап 48 мемлекетке визасыз тәртіп енгізілетін болады

11.10.2016
Қазақстанда 2017 жылдан бастап 48 мемлекетке визасыз тәртіп енгізілетін болады

Қазақстан Республикасында визасыз тәртіп әрекет ететін 20 экономикалық дамыған елге Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланд, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония және Оңтүстік Корея жатады.

Сондай-ақ, жыл сайын Ресей, Түркия, Италия (соның ішінде ЭКСПО Милан-2015 көрмесі сәтті өткізілгеннен кейін), Германия, Нидерланд, АҚШ және Ұлыбританиядан келетін қонақтар саны артуда.

«Ішкі туризм бойынша өсім байқалады. Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда биылғы жартыжылдықта   өсім 6%-ды құрады. Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма бұрынғысынша халық көп баратын негізгі бағыт   ретінде саналып отыр», - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі.

Министрліктің мәліметі бойынша, елдегі қонақүйлердің де саны артуда.

«Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда барлығы 871 қонақүй болса, бүгін олардың саны 2 441-ге жетті. Қонақүйлердің көрсеткен қызметі 2015 жылы 73 млрд. теңгені құраған (5 жыл бұрын 47 млрд. теңге болған)», - деп хабарлады министрлікте.

Айта кету керек, ЭКСПО көрмесіне дайындық аясында еліміздің көрнекті жерлерін қамтитын 73 туристік бағыттар тізімі бекітілді және көліктік инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу