Халықаралық және ішкі әуе рейстерін атқаратын қазақстандық әуе тасымалдағыштардың заманауи әуе кеме парктері бар. Сонымен қатар, «Эйр Астана», «СКАТ», «Бек Эйр» және «Qazaq Air» сияқты 4 негізгі әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап беретін шетелдік заманауи ұшақтары бар.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда ішкі әуе рейстерді 39 бағыт бойынша алты қазақстандық әуе компаниясы атқарады (аптасына 500-ден астам рейстер)», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайты.
Аталмыш көрсеткіштің өсімі тасымалданған жолаушылар санының артуымен байланысты. Елдегі жұмыс істеп тұрған республикалық және облыстық маңыздағы 18 әуежайдың жыл сайынғы жолаушыларға көрсететін қызметінің жартысынан көбі Алматы мен Астана әуежайларына тиесілі.
«Соңғы 5 жылда Алматы мен Астана әуежайларының қызмет көрсететін жолаушылар үлесі артып, жыл сайын 68 пайызды құрап отыр. Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларының әуежайлары одан кейінгі орында тұр және саладағы жалпы жолаушыларға қызмет көрсетуі 7-5 пайызды құрайды.
Ал, Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау және Петропавл қалалары әуежайларының жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша төменгі көрсеткішке ие»,-деген мәлімет берді министрлік.
primeminister.kz