Ресей рубліне сұраныс бәсеңдер емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей рубліне сұраныс бәсеңдер емес

30.06.2016
Ресей рубліне сұраныс бәсеңдер емес

Елде Ресей рубліне деген сұраныс бәсеңдер емес.  Мәселен, мамыр айында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасын сатумен салыстырғанда сатып алу 2,8 есе көп жүргізілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың соңында рубль құны күрт құлдырағанда сатып алушылар сатушыларға қарағанда 5 есеге көп болды. Соңғы айларда рубль құны теңгеге қарағанда біртіндеп қымбаттап келеді.

Оңғарбек  АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу