Қызыл империяға қарсы ұлт-азаттық күресті бастап, соңғы демі қалғанша соғысып өткен Кейкі батырдың бас сүйегі елге жеткізілді.
Мәскеуден шыққан арнайы ұшақ бүгін таңғы сағат 03:30-да Астана әуежайына келіп қонды.
«Батырдың бейнесін анықтау және басын жерлеу бойынша мемлекеттік комиссия құрылады», дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Ақылбай.
Толығырақ бүгін 17:30-да «KazNews» жаңалықтарынан көріңіздер.