Жыл басынан бері өнеркәсіпке 1,5 трлн теңгеге жуық қаржы бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері өнеркәсіпке 1,5 трлн теңгеге жуық қаржы бөлінді

27.06.2016
Жыл басынан бері өнеркәсіпке 1,5 трлн теңгеге жуық қаржы бөлінді

Елде өнеркәсіпті дамытып, өндіру мен өңдеуді дамытуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Жылдың алғашқы 5 айында елде салаға 1 трлн 400 млрд теңге инвестиция бағытталыпты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп. Қаржының 69 пайызы тау-кен саласына, 22 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Үштен бірі, яғни, 288,2 млрд теңгесі шетелдік инвестиция. Көмір өндіруге бағытталған инвестиция былтырғыдан 21 пайызға көп. Сондай ақ, мұнай, резеңке, қағаз, сусын өнімдерін шығаратын кәсіпорындар инвестиция өсімін көрсетті.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу