«Қазақстан-Тараз» телеарнасы «ТЭФИ - Достастық» фестивалінде марапатталды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Тараз» телеарнасы «ТЭФИ - Достастық» фестивалінде марапатталды (ФОТО)

19.09.2016
«Қазақстан-Тараз» телеарнасы «ТЭФИ - Достастық» фестивалінде марапатталды (ФОТО)

Ереванда өткен «ТЭФИ - Достастық» халықаралық телевизиялық фестивалі мәресіне жетті. Шара ТМД елдері арасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға және басқа да шет мемлекеттер арасындағы хабар таратушылар мен журналистердің ынтымақтастығын жолға қоюға бағытталған.

Байқауға 10 елден 20 телекомпанияның 28 жұмысы ұсынылды. 6-шы мәрте ұйымдастырылып отырған халықаралық фестиваль биыл «Жаңалықтар – біздің мамандығымыз» тақырыбы бойынша өтті.

тэфи
тэф

Фестивальде «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасы үздіктер қатарынан көрініп, марапатқа ие болды. Жүлде арна қызметкері Анастасия Сүлеймановаға табысталды.

Бұл - телеарна ұжымының және отандық телевизияның ортақ жеңісі.

 Естеріңізге сала кетейік, «ТЭФИ - Достастық» халықаралық телевизиялық фестивалі 2011 жылы ТМД-ның 20 жылдығына орай құрылған.

Хабарламаларға жазылу