Мемлекет басшысы мектептің оқу бөлмелерін аралап, материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.
Сондай-ақ, Елбасы оқушылардың ата-аналарымен және педагогтармен кездесті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті қазір мемлекет-жекеменшік серіктестігінің арқасында елімізде жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынып жатқанын атап өтті. Жаңа салынған мектеп тиімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып саналады.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды жаңа оқу орнының ашылуымен құттықтап, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу жолында табыс тіледі.
Жаңа ғимараттың жалпы алаңы - 8390 шаршы метр. 600 орындық мектеп заманауи құрылғылармен жабдықталған.