Нұрсұлтан Назарбаев: Алматыда таудан қуат аламын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Алматыда таудан қуат аламын

18.09.2016
Нұрсұлтан Назарбаев: Алматыда таудан қуат аламын

Алматыда таудан қуат алып кетуге тырысамын, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алматы арена» мұз сарайының ашылуында сөйлеген сөзінде.

«Менің балалық шағымда, қазір де ұшқан құстың қанаты талатын, ұлан-ғайыр Отанымызда көптеген адамдар Алматыда оқуға, тұруға асығатын. Мұнда көптеген отбасы шаңырақ көтерді. Мен Алматыға келгенде бір күнге, тіпті жарты күнге келсем де тауға барып, оның қуаты сіңіріп алғым келеді. Мұндай жер еш жерде жоқ. Астана тұп-тұнық ашық аспанымен, жазық кең даласымен әсем. Мен әдеттегідей, бүгін де «Медеуге» көтерілдім. Онда жастар жүр екен, жақындап сөйлестім. Бірі Маңғыстаудан, бірі Семейден, бірі Тараздан болса, бірі Атыраудан келген. Міне, Алматы деген  осы!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент алматылықтарды қаланың 1000 жылдығымен құттықтады.

«Алматылықтарды, барлық қазақстандықтарды әсем де, сүйікті қаламыздың 1000 жылдығымен құттықтаймын», - деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу