19 қыркүйекте  «Таңшолпан» бағдарламасынан көретіндеріңіз... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 қыркүйекте  «Таңшолпан» бағдарламасынан көретіндеріңіз...

18.09.2016
19 қыркүйекте  «Таңшолпан» бағдарламасынан көретіндеріңіз...

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасында 19 қыркүйекте Білім басқармаларын қолдау қорының өкілі Рахат Жақсыбай, «Тіл шебері» республикалық байқауының I орын иегері Шыңғыс Қанатұлы, «Тіл шебері» республикалық байқауының II орын иегері Жомарт Болатұлы қонақта болады.

Зоб ауруының белгілері қандай? Аталмыш дерттің қалай алдын алуға болады? Бұл сауалдарға эндокринолог дәрігер Рысжан Қасымжанқызы «Таңшолпанда» жауап бермек.

Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина мен  түрік пианисі Тулуйхан Угурлу да 19 қыркүйекте таңғы бағдарлама қонағы болады.

Ақшаның шығу тарихы жөнінде не білесіз? Смайликтер қалай пайда болды? Қысқы Универсиадаға дайындығымыз қалай? Әскери жабдықтарды дайындайтын кәсіпорынның жұмысымен танысқыңыз келе ме? Жанармай шығынын азайту жолдарын білесіз бе?

Осы және өзге де қызықты сюжеттер легін 19 қыркүйек сағат 07:00-10:00 аралығында «Таңшолпан» бағдарламасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу