Нью-Йорктегі жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ -СІМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорктегі жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ -СІМ

18.09.2016
Нью-Йорктегі жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ -СІМ

Нью-Йорк уақытымен кеше кешкі сағат 20.30 шамасында, Астана уақытымен 18 қыркүйек күні таңғы сағат 06.30-да Манхэттенде орын алған жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы  ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов айтты.

«Дәл қазір қолда бар ақпараттарға сүйенсек, Нью-Йорктегі жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деп хабарлады А.Жайнақов.

Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға Чели ауданындағы көшеде болған. Әзірге оның себептері белгісіз. Құқық қорғау органдары қала тұрғындарына қауіпті орамға бармауын сұрады. Жарылыс болған аумақ қоршауға алынып, ол жерге жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілер жіберілді.

ABC телеарнасы қалалық өрт сөндіру басқармасындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып 15 адамның зардап шеккенін хабарлайды. Ал жергілікті PIX11 телеарнасының мәліметіне жүгінсек, жарылыс салдарынан 29 адам ауруханаға жүгінген, абырой болғанда тек бір адам ғана жараланған екен.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу