Осы аптада «Түнгі студияда» Рио жүлдегерлері қонақта! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада «Түнгі студияда» Рио жүлдегерлері қонақта!

13.09.2016
Осы аптада «Түнгі студияда» Рио жүлдегерлері қонақта!

«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының жаңа маусымында бір апта бойы Рио Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар қонаққа келеді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде «Түнгі студияда» Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит қонақта болды. 

Ал, бүгін бұрымды спортшыларымыздың бірі Жазира Жаппарқұл Олимпиада кезіндегі әсерімен, ендігі жоспарымен бөліспек.

Ток-шоудың ертеңгі қонағы -  Олимпиада ойындарының тағы бір күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов.

Аталған бағдарламаның бейсенбілік шығарылымында әйелдер арасындағы күрестен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Гюзель Манюрова студияға келеді.

Дүйсенбі-бейсенбі аралығында 22:55-те «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуын өткізіп алмаңыз!

Хабарламаларға жазылу