Қарағанды және Қостанай облыстарында түнде үсік жүруі ықтимал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды және Қостанай облыстарында түнде үсік жүруі ықтимал

13.09.2016
Қарағанды және Қостанай облыстарында түнде үсік жүруі ықтимал

13 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр, ұйытқыған жел сақталады.

Батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыстың бірқатар аймағында тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысы аумағында 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Қостанай облысында ауа райы 1-3 градусқа төмендейді.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстанның біраз аймақтарында, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Хабарламаларға жазылу