Қазақстан мен Иран бірлесіп мұнай өңдеу зауытын салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Иран бірлесіп мұнай өңдеу зауытын салады

27.06.2016
Қазақстан мен Иран бірлесіп мұнай өңдеу зауытын салады

Иран мен Қазақстан Мазандаран провинциясы Амирабад портында бірлескен мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Trend жазғандай, провинцияның тау-кен өндіру өнеркәсібі мен сауда басқармасының басшысы  Мохаммад Мухаммадпур хабарлаған.

Оның сөзіне қарағанда, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді.

Зауыт қазақстандық мұнайды өңдеумен айналысып, кейін өзге елдерге экспорттайды, деп атап өтті  Мухаммадпур.

Хабарламаларға жазылу