«Таңшолпан» бағдарламасынан ертең көретіндеріңіз... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасынан ертең көретіндеріңіз...

08.09.2016
«Таңшолпан» бағдарламасынан ертең көретіндеріңіз...

29 қыркүйекте  «Шын жүректен» қайырымдылық  телемарафоны өтеді.  Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық қорының директоры Құрманбек Қазанбасов ертең «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасында  қонақта болмақ.

Астана қаласында «+» символы бар бағдаршам іске қосылды. Жол қозғалысын реттеудің мұндай әдісі Қазақстанда бұрын-соңды болмаған.  Осы бағдаршам туралы толығырақ Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы Мадина Дүйсенбаева ертең таңғы бағдарламада айтып береді.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 12 қыркүйегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты ашылады.

Бәсеке 15 құзіреттілікті қамтиды. Олар: кірпіш қалау, сылақшы және гипсокартон жұмыстары, маляр және безендіру жұмыстары, плита қаптау, электромонтаждау жұмыстары, веб-дизайн, желілік және жүйелік басқару, мехатроника, дәнекерлеу жұмыстары, шаштараз ісі, мейрамхана ісі (аспаз), мейрамхана қызметі, кондитерлік іс, мектепке дейінгі тәрбие, киім үлгісі. Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 140 үміткер қатысса, 140 сарапшы олардың бағын сынамақ. «WorldSkills Kazakhstan» жобасының жетекшісі Ұлан Жармұхамед аталмыш шара туралы ертең таңғы бағдарламада айтып береді.

Сондай-ақ, ертеңгі «Таңшолпаннан» 75 жастағы саяхатшы, жиһанкез Сапар Ысқақов, ұяңдықты болдырмау әдістері, орманды өрттен, қоқыстан қорғау жолдары және т.б. қызықты сюжеттермен таныса аласыздар.

«Таңшолпан» бағдарламасы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07:00-10:00-де эфирге шығады. 

Хабарламаларға жазылу