Пан Ги Мун Қазақстанмен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пан Ги Мун Қазақстанмен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді

04.09.2016
Пан Ги Мун Қазақстанмен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «G20» саммиті аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ, байланыстарды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы еліміз бен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың  жемісті екенін айтып, ұйымның жаһандық бастамалары мен жобаларын Қазақстанның қолдайтынын жеткізді.

Пан Ги Мун елімізбен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді.

Хабарламаларға жазылу