Қарағандыда егіз бүлдіршіндерді егіз ұстаздар оқытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда егіз бүлдіршіндерді егіз ұстаздар оқытады

02.09.2016
Қарағандыда егіз бүлдіршіндерді егіз ұстаздар оқытады

Қарағанды мектептерінде биыл егіз оқушылар көп. Бір ғана қалалық гимназияға бірінші сыныпқа биыл үш бірдей егіз бүлдіршін келген. Бір қызығы, оларды егіз мұғалімдер оқытпақ.

Егіз оқушылардың психологиясын білім ордасының бастауыш сынып жетекшілері егіз ұстаздар Салтанат және Махаббат Айтпай жақсы біледі. «Алғашқыда үш бірдей егіз оқушы келетінін естігенде, Дильназ бен Гүлназды Салтанат алады, мен Әбдірахим мен Әбдірахманды аламын, ал үшінші егіздерді екеуміз бөлім аламыз, деп әзілдескен едік»,- дейді егіздің сыңары Махаббат Айтпай.

лтд

Дильназ бен Гүлназдың  әкесі де егіздің сыңары. Мұрат Жұмаділдин кезінде өзі бірінші сыныпқа барғанда сынақтан өтпей қалғанын, бірақ, егіз әпкесінен ажыратпайық, деп ұстаздар екеуін қоса алғанын айтады.

Мұғалімдердің айтуынша, егіздердің аттарын алғашқы кезде ғана шатастырады. Кейін уақыт өте келе, оқушының қандай да бір дарыны ашыла түседі, ал, тәжірибелі ұстаздар оларды бірден ажырата біледі.

Қалай дегенмен де, әр балаға ерекше әдіс керек.

Хабарламаларға жазылу