Үкімет мүшелері мен депутаттар Әнұранды білулері керек. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашу кезінде айтты.
Жаңа сессияның ашылуы Қазақстанның Әнұранын орындаумен басталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әнұранға қосылып, бірге шырқады.
«Үкімет мүшелері мен депутаттар Әнұранды білулері керек»,-деп атап өтті Елбасы.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтуде.