Елбасы Мәскеу қаласындағы баспаханада шыққан өрт пен Бішкек-Ош тасжолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан Қырғыз Республикасы азаматтарының қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.
Нұрсұлтан Назарбаев аза тұтып жатқан бауырлас қырғыз халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.
Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.