Мемлекет басшысының Сербия Республикасына ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Сербия Республикасына ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті

24.08.2016

Келіссөздер барысында өзара мүдделілік қалыптасқан бірқатар бағыттар бойынша перспективалы жобалардың іске асырылу мәселелері қарастырылды, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың дамуында ілгерілеушіліктің, сондай-ақ оның аясын кеңейте түсу үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.

                                                             ***

Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы Президенті мен Сербия Республикасы Президентінің бірлескен мәлімдемесі;

– Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарт;

– Сербия Республикасының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шарт;

– Алматы облысының әкімдігі мен Воеводина автономиялық аймағының үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Хабарламаларға жазылу