Елбасы ресми сапармен Сербия Республикасына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы ресми сапармен Сербия Республикасына барды

24.08.2016
Елбасы ресми сапармен Сербия Республикасына барды

Мемлекет басшысы Белград қаласына келді. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президенті Томислав Николичпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою көзделген, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Сербияның Премьер-Министрі Александр Вучичпен, Сербия Патриархы Иринеймен кездесуі, сондай-ақ Белград қаласында Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашу салтанатты рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу