20 шақырымдық спорттық жүру жарысында қазақстандықтар жүлде иелене алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 шақырымдық спорттық жүру жарысында қазақстандықтар жүлде иелене алмады

20.08.2016
20 шақырымдық спорттық жүру жарысында қазақстандықтар жүлде иелене алмады

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасында 20 шақырымға спорттық жүріспен жүру жарысы аяқталды.

Аталған спорт түрінен ел намысын Диана Айдосова мен Полина Репина қорғады.  20 жастағы Диана 20 шақырымды 1 сағат 44 минут 49 секундта жүріп өтіп, мәре сызығын 62-ші болып кесті. Өз кезегінде, Полина Репина қашықтықтың 6 шақырымын жүріп өткеннен кейін, жарыстан шеттетілді.

Ал ерлер арасында сынға түскен қазақстандық Георгий Шейко 20 шақырымды 1:23:31 сағатта жүріп өтіп,  мәре сызығын 34-ші болып кесті.

Хабарламаларға жазылу