Қазақстан Украинаға уран өндіру және өңдеу үшін мобильді кешендер ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Украинаға уран өндіру және өңдеу үшін мобильді кешендер ұсынды

19.08.2016
Қазақстан Украинаға уран өндіру және өңдеу үшін мобильді кешендер ұсынды

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаның Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен кездесті, деп хабарлайды pm.kz.

Кездесуде тараптар атом саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Нақтырақ айтқанда, Украинадағы уран кен орындарын игеру мәселесі сөз болды. Қазақстан Украинаға уран өндіру және оны өңдеуге арналған отандық Жоғары технологиялар институты әзірлеген мобильді кешендерді пайдалануды ұсынды.

«Біз инжинирингті жеткізуден бастап толық аяқталған мобильді кешендерді табыстауға дейінгі кез-келген қызмет түрін көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті А.Жұмағалиев.

Хабарламаларға жазылу