Жазира Жаппарқұл ауыр атлетикамен 2001 жылдан бастап шұғылдана бастаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазира Жаппарқұл ауыр атлетикамен 2001 жылдан бастап шұғылдана бастаған

14.08.2016
Жазира Жаппарқұл ауыр атлетикамен 2001 жылдан бастап шұғылдана бастаған

Қазақстандық ауыратлет, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.
2010 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы.
1993 жылы 22 желтоқсанда ОҚО облысы Арыс қаласында дүниеге келген
Көпбалалы отбасындағы 7-ші перзент.  Ауыр атлетикамен 2001 жылдан бастап шұғылдана бастаған.
2010 жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізе бастады.
2011 жылғы Париждегі Әлем чемпионатында 69 келіде 100+128=228 нәтижесімен 13-ші орыннан көрінді.
2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 69 келіде 106+139=245 нәтижесімен чемпион атанды.
2013 жылғы Вроцлавадағы Әлем чемпионатында бақ сынап, 103+128=231 нәтижесімен 9-ші орынға ие болды.
2014 жылғы Азия ойындарында 118+145=263 нәтиже көрсетіп,  4-ші орынға қол жеткізді.
2014 жылғы Алматыда өткен Әлем чемпионатында 118+144=262 нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
2015 жылғы Хьюстондағы Әлем чемпионатында күміс жүлде иеленіп, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алды.
Шымкент қаласында тұрады. М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті.
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

 

Хабарламаларға жазылу