Жуырда «Балапан» телеарнасы эфирінен жаңа - «Шынықсаң – шымыр баласың!» атты бағдарлама шығады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуырда «Балапан» телеарнасы эфирінен жаңа - «Шынықсаң – шымыр баласың!» атты бағдарлама шығады (ВИДЕО)

09.08.2016
Жуырда «Балапан» телеарнасы эфирінен жаңа - «Шынықсаң – шымыр баласың!» атты бағдарлама шығады (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы балаларға арналған жаңа спорттық-танымдық бағдарлама ұсынады.  «Шынықсаң – шымыр баласың!» бағдарламасы  қарапайым және қызықты болмақ.

Әр бағдарлама түрлі жаттығулар мен спорт түрлеріне арналады. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлеріне құралған жаттығулар болады. Оның ішінде асық ойындары (ханталапай, шеңбер ойыны), алтыбақан, арқан тарту элементтері бар.

Сондай-ақ, жүргізуші спорт түрлеріне  қатысты толыққанды мағлұматтармен бөліседі.

«Шынықсаң - шымыр  баласың!» бағдарламасының мақсаты - бүлдіршіндерге  шыныққан бала шымыр болатынын түсіндіріп, дене  шынықтырудың қаншалықты маңызды екенін үйрету. 

Хабарламаларға жазылу