Мақпал Жүнісова – «Біз әлі кездесеміз» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақпал Жүнісова – «Біз әлі кездесеміз»

02.08.2016
Мақпал Жүнісова – «Біз әлі кездесеміз»

Бейнесі сол күндердің алабөтен,
«Шіркін-ай» дейтін кездер болады екен.
Заулаған уақыттың әйнегінен,
Аулыма қимастықпен қарап өтем(ін).

Қайырмасы:
Өзгеріп барамыз-ай, 
Балауса баяғыдай
Емеспіз, өзгешеміз.
Көңілдер алып ұшып,   
Өмірде сағынысып,
Біз әлі кездесерміз.

Десек те, оралмайды өткеніміз,
Көңілде күлімдейді көктеміміз. 
Сан түрлі сағыныштың үзілмейтін,
Мәңгілік сыңғырлаған ішектеріміз.

Қайырмасы:
Өзгеріп барамыз-ай, 
Балауса баяғыдай
Емеспіз, өзгешеміз.
Көңілдер алып ұшып,   
Өмірде сағынысып,
Біз әлі кездесерміз.

Кетсе де қанша жаз бен қанша күзге, 
Оралмас он сегізің қайта гүлдеп.
Әйтеуір, тауып алып жүрсек болды, 
Біріміз бірімізді аңсап, іздеп.

Қайырмасы:
Өзгеріп барамыз-ай, 
Балауса баяғыдай
Емеспіз, өзгешеміз.
Көңілдер алып ұшып,   
Өмірде сағынысып,
Біз әлі кездесерміз.
 

Хабарламаларға жазылу