Әні: Т.Базарбаев
Сөзі:Т.Молдағалиев
Көк жүзінде барады қаздар қайтып,
Күндер солай өтеді шалқып, шалқып.
Сағыныш қой,
Сағыныш қой,
Сары ала жапырақтар
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып.
Ақ қайыңдар қалады дір-дір етіп,
Жанымызды бір кезде күлдіретін.
Жазғы бақта,
Жазғы бақта,
Саулайды жапырақтар
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп.
Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп,
Қара суық хабары тұр естіліп.
Қаздар ұшып,
Қаздар ұшып,
Барады оралмайтын
Қанатына
Көктемді ілестіріп.