Қазақстандық теннисшілер «Президент Кубогы-2016»  турнирінің жартылай финалына шыға алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисшілер «Президент Кубогы-2016»  турнирінің жартылай финалына шыға алмады

30.07.2016
Қазақстандық теннисшілер «Президент Кубогы-2016»  турнирінің жартылай финалына шыға алмады

«Президент Кубогы-2016» турнирі бойынша ерлер арасында жартылай финалға жолдама алған барлық теннисшінің есімі анықталды. Жарыстың бірінші ракеткасы Евгений Донской сербиялық теннисші Мики Янковичті жеңді. Кездесу қорытындысы – 7:5. Янкович ойынды жалғастырудан бас тартты. 

Енді жарыстың жартылай финалында ресейлік спортшы Беларусь азаматы Илья Ивашкамен кездеседі. 

Сонымен қатар, жартылай финалға жолдама алғандардың қатарында Өзбекстан өкілі Денис Истомин бар. Жартылай финалда өзбек теннисшісі ресейлік Константин Кравчукке қарсы кортқа шығады. 

Әйелдер арасында қазақстандық теннисшілер де жарыс жолын аяқтады. Бүгін ширек финалдық кездесуде Гозаль Айнитдинова турнирдің 8-ракеткасы Полина Моноваға есе жіберді. Үш сеттік кездесу 6:4, 2:6, 5:7 есебімен Ресей теннисшісінің пайдасына шешілді. 

Өкінішке қарай, тағы бір қазақстандық Александра Гринчишина да ресейлік спортшы Валерия Савинаға 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.   

Енді турнирдің ақтық сынына шығу үшін ресейлік Полина Монова мен украиналық Алена Сотникова өзара күш сынасса, екінші жартылай финалдық кездесу ресейлік Вероника Кудерметова мен Валерия Савина арасында өтеді. 

Хабарламаларға жазылу