Мобильді қосымша арқылы бос жұмыс орындарын білуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мобильді қосымша арқылы бос жұмыс орындарын білуге болады

26.07.2016
Мобильді қосымша арқылы бос жұмыс орындарын білуге болады

Жұмыспен қамту орталығы Астана тұрғындарына бос жұмыс орындары туралы білуге мүмкіндік беретін «CZАстана» мобильді қосымшасын іске қосты. Мобильді қосымшаны Google Play мен App Store дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Сонымен қатар, қосымшаны жүктегеннен кейін адамдар кәсіби бағдар бойынша тест тапсыра алады. Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, жұмыс іздеушілер қосымшадан әңгімелесуден өткен кезде өзін-өзі ұстану, сұрақтарға жауап беру, түйіндеме жазу бойынша ақпаратты таба алады. Ал, жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамту туралы заңнаманың нормаларына қатысты пайдалы ақпарат ұсынылады.

Хабарламаларға жазылу