Экономика министрлігі статистика комитеті келтірген дерекке сүйенсек, еліміздегі инфляция деңгейі биыл мамыр айында 0,5 пайызға жеткен. Бұл туралы бүгін журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты.
Жалпы, көктемнің соңғы айында азық-түлік бағасы 0,4, ақылы қызмет түрлері 0,5 пайызға артқан. Ал, ай сайынғы инфляция деңгейі жылдық үрдіске сәйкес. Өткен айда ұлттық валютадағы депозит көлемі 3,3 пайызға ұлғайды. Теңгемен депозит ашқан азаматтар саны көбейді. Бұл ұлттық валютамыздың тұрақтылығын көрсетеді.
Мирас МҰҚАШ