Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылған күн

14.07.2016
Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылған күн

2 жыл бұрын (2014) алты жасар алматылық Австриядағы дарындылар шоуында Қазақстанның атағын шығарды. Софи Манасян алтын мүсін мен «Алтын үміт» арнайы жүлдесін жеңіп алды.

5 жыл бұрын (2011) Қазақстанда «Қорғас-Жетіген» тармағында барлық инфрақұрылымымен жаңа елді мекен құрылысы басталды. Алтынкөл желіде ең ірі станса болады. Мұнда коттедж түрінде 40 үй, көп пәтерлі, үш қабатты, жатақхана, емхана, мектеп пайдалануға берілді.

5 жыл бұрын (2011) Астанада локомотив құрастыру зауыты кейіннен экспорттау үшін өз тепловоздарын Ресейге, Эстонияға сертификаттауға жіберді.  Тәжікстан 3 тепловоз, Моңғолия 10 тепловоз сатып алу тілегін білдірді. Сертификаттау нәтижелерін басқа да ресейлік компаниялар күтіп отыр.

7 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

7 жыл бұрын (2009) Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологтар экспедициясы Нұра өзенінің ортаңғы ағымының тұсынан сақ дәуірінің жәдігерлерін тапты.

11 жыл бұрын (2005) Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің қатысуымен Қырғызстандағы Қазақ елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

11 жыл бұрын (2005) Алматыда Орталық Азиядағы адам құқығын қорғайтын Мұсылман комитетінің бас кеңсесі ашылды. Комитет мүшелері болып заңгерлер, теологтар және діни қауым өкілдері тіркелді. Ұйымның мақсаты азаматтардың ұлтына, дініне және саяси тиістілігіне қарамастан құқығын қорғау болып табылады.

18 жыл бұрын (1998) Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде бірінші мұнай ұңғымасын бұрғылау басталды. Ұңғыманы «Өлі Құлтық» жерінде қазақстандық-американдық бірлескен «Арман» кәсіпорны бұрғылады. Ұңғыманы бұрғылау үшін жасанды арал құрылды.

19 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылды.

19 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы қабылданды.

Хабарламаларға жазылу