Берік Қамалиев Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берік Қамалиев Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды

13.07.2016
Берік Қамалиев Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды

Берік Қамалиев Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды аталған ведомствоның кадр жұмысы департаментінің директоры Марат Игали.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Берік Қамалиев ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды», - деп жазды ол өзінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Одан бұрын Б.Қамалиев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті болып қызмет еткен.

Түрлі жылдары бірқатар коммерциялық құрылымдардың жетекшісі, «Казагропромтехника» облыстық бірлестігінің төраға орынбасары, Қарағанбы облыстық автокөлік жолдары басқармасының басшысы болған.

2004-2005 жж. - ҚР Премьер-Министрі кеңесшісі; 2005-2006 жж. - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі транспорттық инфрақұрылымды дамыту Комитетінің төрағасы.

2006 жылы Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары жөніндегі әкім орынбасары, кейінірек Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2009 жылы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.

2010-2011 жж. - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары; 2011-2012жж. - Көлік және коммуникациялар министрі; 2014-2015 жж. - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы; 2015-2016 жж. -  «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті болған.

Хабарламаларға жазылу