Алматыдағы қисайған көпқабатты тұрғын үй сүріліп, орнына жаңа үй тұрғызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы қисайған көпқабатты тұрғын үй сүріліп, орнына жаңа үй тұрғызылады

03.06.2016
Алматыдағы қисайған көпқабатты тұрғын үй сүріліп, орнына жаңа үй тұрғызылады

Алматыда «Алғабас-6» шағын ауданындағы нөмірі №136-шы қисайған көпқабатты тұрғын үй сүріліп тасталады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов мәлім етті.

 «Құрылыс барысында бірқатар кемшіліктерге жол берілген. Мысалы, тұрғын үй орналасқан жердің үстіңгі қабаты жеткілікті нығыздалмаған. Соның салдарынан ол үйдің ауырлығынан шөккен», - деді ол. 

Арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша осы құрылыстың бас мердігері -  «НСК Астана Құрылыс» АҚ ескі үйді сүріп тастап, орнына жаңа тұрғын үй тұрғызады.

Айт кетелік, 72 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй 2014 жылы 12 желтоқсанда пайдалануға берілген болатын. Құрылыстың бас мердігері «НСК Астана Құрылыс» АҚ-ы, жобасын жасаған «Архспецстройпроект» ЖШС. Үй «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандарға берілген. Үйдің құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылды.

Тұрғын үй батыс жағынан 32 метрлік биіктігіндегі белгісінен 32 сантиметрге ауытқып кеткен. Осы үйде тұратын 200 тұрғын әзірге қонақүйлерге құрылысты жүргізуші есебінен орналастырылды.

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы комиссия осы аудандағы барлық тұрғын үйлерді тексеруден өткізетін болады.

Хабарламаларға жазылу