Катардағы өрт: 11 адам ажал құшты, жараланғандар саны одан да көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Катардағы өрт: 11 адам ажал құшты, жараланғандар саны одан да көп

03.06.2016
Катардағы өрт: 11 адам ажал құшты, жараланғандар саны одан да көп

Катардағы жатақханада болған өрттен кем дегенде 11 адам мерт болып, тағы 12-сі жарақаттанды . Бұл туралы бейсенбі күні AFP хабарлады.

Қайғылы оқиға сәрсенбі күні түнде орын алған, бірақ енді ғана мәлім болып отыр.

Жалын елдің оңтүстік-батысындағы туристік кешеннің құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылардың жатақханасында тұтанған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Ажал құшқандардың қай елдік азаматтары екендігі жайлы әзірге айтылмай отыр.

Хабарламаларға жазылу