Катардағы жатақханада болған өрттен кем дегенде 11 адам мерт болып, тағы 12-сі жарақаттанды . Бұл туралы бейсенбі күні AFP хабарлады.
Қайғылы оқиға сәрсенбі күні түнде орын алған, бірақ енді ғана мәлім болып отыр.
Жалын елдің оңтүстік-батысындағы туристік кешеннің құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылардың жатақханасында тұтанған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Ажал құшқандардың қай елдік азаматтары екендігі жайлы әзірге айтылмай отыр.