Головкин-Уэйд жекпе-жегін дәл болжаған атыраулық азамат смартфонға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Уэйд жекпе-жегін дәл болжаған атыраулық азамат смартфонға ие болды

31.05.2016
Головкин-Уэйд жекпе-жегін дәл болжаған атыраулық азамат смартфонға ие болды

Осы байқаудың шарттарына сәйкес, кездесудің нәтижесін дәл болжаған атыраулық Бауыржан Дәулетьяровқа Самсунг Галакси А3 смартфонын «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының продюссері Назарбек Қосшиев табыс етті.

Бауыржан Дәулетьяров Атырау облысы, Исатай ауданы,  Хамит Ерғали ауылында тұрады. 1983 жылы туған. «Ерсайын» ЖШС-нің  «Қарабатан» зауытында электрик болып қызмет етеді.  Үйленген, 2 баласы бар.

«Жолдасым мектепте мұғалім. Өзім «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-де электрик болып жұмыс істеймін. Ауылда бау-бақша егемін, аңға шыққанды да ұнатамын. Спорт бағдарламаларын жібермеуге тырысамын, әсіресе футболды ерекше қызығып қараймын. Головкиннің де кездесулерін жібермей көріп отырамын. «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлеріне Головкин-Уэйд кездесуін тікелей эфирде таратқаны үшін алғысымды білдіремін. Байқаудың жеңімпазы болғаныма қуаныштымын»,- дейді жеңімпаз.

Айта кетейік, кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді. Ал,  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты осы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу