Бүгін Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылған күн

30.05.2016
Бүгін Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай»  операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылған күн

63 жыл бұрын (1953 ж.) 30 мамыр күні Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай»  операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды.

Либреттосы -  А.Хангелдин, режисері - Қ.Байсейітов.

Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті арасындағы нәзік махаббат сезімі «Дудар-ай» әні арқылы беріледі. Композитор  қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Лейтомотив ретінде қолданған «Дудар-ай», «О, сен кең дала», «Эх ты доля» әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр.

Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мария партиясын Э.Епонешникова орындаған.

Хабарламаларға жазылу