Бангладеште автобус көпірден құлап, тоғыз адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште автобус көпірден құлап, тоғыз адам қаза тапты

28.05.2016
Бангладеште автобус көпірден құлап, тоғыз адам қаза тапты

Жергілікті Dhaka Tribune басылымының жазуына қарағанда, оқиға Мадарипур округінің Самаддар ауданында болған. Апатқа куә болғандардың айтуынша, автобус арна үстіне салынған көпірге шыға бергенде алдыңғы сол жақтағы дөңгелегі жарылған. Машина көпір жақтауын бұзып он метрге жуық биіктен құлап кеткен.

Зардап шеккендердің көбі ауыр халде жатыр. Аман қалған жолаушының бірі көлікте апат кезінде 60 адам болды деп мәлімдеген.

Хабарламаларға жазылу