Финляндия үкіметі Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ФР-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.
ФР экономика министрі О.Рен мен Сыртқы сауда министрі Л.Тойвакктың пікірінше, бұл шешім энергетика, энергия үнемдеу және жаңа технологияларға басымдық берілген Қазақстан елімен жан-жақты әріптестікті дамытудың жаңа серпініне себеп болмақ.
«Финляндия әлемдегі энергетикалық туындылар мен «жасыл» технологиялар саласында үздіктердің бірі болып саналады. Елдің тәжірибесі мен жетістіктері ЭКСПО-2017» көрмесіндегі фин павильонында таныстырылмақ. Біздің елдің көптеген компаниялары қазірдің өзінде Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Біздің көрмеге қатысуымыз іскер орталардың Орталық Азияға қызығушылығын арттырады деген сенімдеміз», - дейді О.Рен.