Adobe Photoshop графикалық редакторының жаңа нұсқасында суретті автоматты түрде толықтыру функциясы қосылады. Бұл туралы Adobe өкілдері туиттердегі парақшасныда ресми хабарлады.
Суретті нысан объективке қиық ілінгенде оны түзету үшін суретті бір жағына қисайтқаннан кейін фотоның шеттерінде бос бұрыш-орындар пайда болады.
Adobe өкілдері жария еткен видеоға сенсек, бос орындарды толтыру функциясы жадыда бар сурет негізінде жұмыс істейді. Adobe Photoshop бос жолдарды өздігінше толтыруы үшін Crop құралында Content-Aware тетігін іске қосу керек. Кейін графикалық редактор суретті берілген өлшемдер бойынша өзі толықтырады.