ӘЧ-2016. Назым Қызайбай бокстан 2 дүркін Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘЧ-2016. Назым Қызайбай бокстан 2 дүркін Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

27.05.2016
ӘЧ-2016. Назым Қызайбай бокстан 2 дүркін Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

48 келі салмақта өткен алғашқы финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Назым Қызайбай қытайлық боксшы қыз Янь Вангті ұтып, бокстан екі дүркін Әлем чемпионы атанды.

Финалдық бәсекеге Назым Қызайбайдан бөлек, Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) шыққан.

Ал, Айжан Қожабекова (57 келі) мен Жайна Шекербекова (51 келі) Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Жайна Шекербекова Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынуда. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама беріледі.

Финалдық жекпе-жектерді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу