Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ-қа XX Халықаралық экономикалық форумға қатысу үшін Ресей Федерациясына жасалған сапарының қорытындысын айтты.
«Біз Петербург экономикалық форумын, Ресей басшылығын осынау сын сағатта қолдадық. Мен форумда Қазақстанның қандай инвестициялық мүмкіндіктері бар екенін, бізде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын, Қазақстанның ұстанымын тағы бір мәрте айттым», - деді Елбасы.