Қазақстанның халықаралық резерві Ұлттық қорды қоса алғанда 95 млрд долларды құрайды - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның халықаралық резерві Ұлттық қорды қоса алғанда 95 млрд долларды құрайды - Н.Назарбаев

26.05.2016
Қазақстанның халықаралық резерві Ұлттық қорды қоса алғанда 95 млрд долларды құрайды - Н.Назарбаев

Дағдарысқа қарамастан, елдің халықаралық резерві Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда 95 млрд долларды құрады. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«100 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, баспанамен қамту деңгейі 1,5 пайызға көбейді. 10,5 мың шақырым автожол қайта жөнделіп, жаңадан салынды. Индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 4 трлн теңге болатын 1000 жаңа кәсіпорын ашылды. Осылайша, 10 мың жаңа жұмыс орнын құрдық»,-деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті мәлім еткендей, дағдарысқа қарамастан, елдің халықаралық резерві Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда 95 млрд долларды құраған.

Хабарламаларға жазылу